Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

22.10.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады. Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысына облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді. Әкімнің айтуынша өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында өсім бар. Өңірге тартылған инвестиция көлемі артып, құрылыс қарқын алған.

Сондай-ақ әкім Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуынан кейін Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Президент облыстағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауды тапсырды. Сайлауалды науқанның ашық әрі заңды жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті.  

Досжан Маратұлы

Президент Өмірзақ Шөкеев

Хабарламаларға жазылу