Петропавлдағы халықаралық әуежай жабылудың алдында тұр. Пандемия кезінде әуе рейстері тоқтап қалғандықтан, жұмысшылар бірнеше айдан бері жалақы алмаған. Қазіргі күні стратегиялық маңызды нысанды сақтап қалудың бірден-бір жолы мемлекет қарамағына өткізу. Қазір әуежайды банкрот деп тану үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, қызметкерлерге жалақы кезең-кезеңімен беріледі.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:-Жұма күні 5 миллион теңге аударылды, осы апта тағы сонша төлейді. Қарашаның 10-ына дейін жалақы бойынша қарызды жабуға тырысамыз. Бұл демеушілердің берген ақшасы. Екі айдан кейін әуежай облыс әкімдігіне қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы меншігіне өтеді. Келесі жылдан бастап мекеменің шығынын толықтай жергілікті бюджет есебінен өтейтін боламыз.
Сағындық Сәбитұлы