Елімізде 19 тауардың бағасы 4,2 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 19 тауардың бағасы 4,2 пайызға өскен

22.10.2020

Елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасы 4,2 пайызға өскен. Баға әсіресе қаңтар мен сәуір аралығында көтерілген. Өйткені бұл қымбатшылық маусымы. Ал мамырдан-шілдеге дейін өсім 0,1 пайызды көрсетсе, тамыз айында-0,3, қыркүйекте -0,4 процентке керісінше төмендеген. Қазір баға тұрақты. Оны осы қалпында сақтау үшін жер-жердегі тұрақтандыру қорларының жұмысы қыза түскен. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер тапшылық болмайды деп отыр. 

Сәуле Жұрынова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының міндетін атқарушы: 
-Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 16 қазанында республикада 1,9 млн азық-түлік тауарларының қорлары бар. Оның ішінде тұрақтандыру қорында 25,3 тонна, өндіруші кәсіпорындарда 1,6 млн тонна. 

Досжан Маратұлы 

 



Хабарламаларға жазылу