Жемқорлыққа жол бергендер өзге жұмысқа қабылданбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа жол бергендер өзге жұмысқа қабылданбайды

22.10.2020

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген адамдар өзге жұмысқа қабылданбайды. Мұндай мәселе парақорлықты жою шаралары аясында қолға алынбақ. Бүгін Мемлекеттік хатшы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Енді квазимемлекеттік компаниялар таза экономикалық міндеттерді ғана емес, сервистік мәселелерді шешумен де айналыспақ. Жиында инфрақұрылымдық компанияларының мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі де қаралды. Есеп комитеті жүргізген аудиторлық тексерулердің нәтижелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев нақты тапсырмалар берді.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу