Алматылық фармкомпания жылына 100 млн дана медициналық бұйым шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық фармкомпания жылына 100 млн дана медициналық бұйым шығарады

23.10.2020

Қазақстандық «Дольче» фармацевтикалық компаниясы жаңа зауытын ашты. Алматы облысында орналасқан өндірістік кешен 22 жылдан бері бір реттік медициналық бұйымдар шығаруды жолға қойған. Өнімдері отандық мекемелерде ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. Биыл кәсіпорын бетперденің 10-нан астам түрін шығарып, өндіріс көлемін кеңейтті. Медицинаға аса қажет бұйымдар шығаратын компания өнімдерін Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Ресейге экспорттап келеді.

Маржан Омарова, «Dolce» ЖШС директоры:
Бір реттік бетперделер, хирургиялық комплектілер, халаттар шығарамыз. Бұл зауытта жылына 100 млн-нан астам медициналық бұйымдар шығарылады.

Жазира Оразқызы

фармкомпания медициналық бұйым Алматы Дольче бетперде

Хабарламаларға жазылу