ПТР-тестілеу анықтамасы кішкентай балалар мен дипломаттардан талап етілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ПТР-тестілеу анықтамасы кішкентай балалар мен дипломаттардан талап етілмейді

23.10.2020

Коронавируспен күрес бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, шетелден келгендердің ПТР-тестілеу анықтамасы міндетті түрде болуы керек. Мұндай талап 5 жасқа дейінгі балалар мен дипломаттарға қойылмайды. Ал өзге жолаушылардың анықтамасының жарамдылығы 3 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ, қаулыда халықаралық транзитпен жүрген жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды деп жазылған. Жалпы, әуе, темір жол және көлік қатынасында бақылау күшеймек.

Фариза Мұсақызы

Коронавирус ПТР-тестілеу анықтама дипломат

Хабарламаларға жазылу