Алматы базарларында кәмелетке толмаған балалар сауда-саттықпен айналысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы базарларында кәмелетке толмаған балалар сауда-саттықпен айналысқан

26.10.2020

Теміртауда отбасына көмектеспек болып, құрылыс алаңында 2-қабаттан құлаған 15 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр. Ол қазір ауруханада жатыр. Ал компания оқушыны ата-ананың рұқсатынсыз жұмысқа алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Алматы базарларында кәмелетке толмаған балалар сауда-саттықпен айналысқан. 13 пен 16 жас аралығындағы 4 жасөспірімнің ата-анасы онлайн оқу жүйесін пайдаланып, оларды қалаға туыстарының үйіне жіберген. Осыған қатысты оларға ескерту беріліп, Әкімшілік кодекстің 127-бабына сәйкес айыппұл салынуы мүмкін. Ал оқушылар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберіліп, психологиялық тұрғыда көмек көрсетілген.

Бибігүл Тәженова, кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері:
Ата-анамен, баламен профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Әлеуметтік, психологиялық жұмыстар жүргізіліп, ата-анасына табыстаймыз. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Нұрхан Нұрланұлы

Теміртау алматы Алматы базар кәмелетке толмаған балалар

Хабарламаларға жазылу