«Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Семейге аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Семейге аттанды

23.06.2016
«Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Семейге аттанды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Семейге жетті.

Астанадан бастау алған жорық 4500 шақырым жолды жүріп өтіп, Қазақстанның бірқатар облыстары мен Ресейдің Алтай өңірін басып өтеді. Зиялы қауым өкілдері, этнографтар, тарихшылар мен ақын-жазушылардан тұратын топ тарихи орындар, ескерткіштер мен мұражайларды аралап, халықпен кездеседі.

Еркін ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу