Жұмыс күші жетіспеген соң, еңбек мигранттарына елімізде жағдай жасалып жатыр. Мәселен Қазақстанда нан тапқысы келетін шетелдіктер осы уақытқа дейін көші-қон орталықтарында рұқсат рәсімдейтін.
Оны алу үшін мигранттардың бірнеше күні кететін еді. Сондықтан Мемлекет басшысы тарапынан да сын-ескертпелер айтылған болатын. Енді мигранттар елімізде жұмыс істеуге рұқсатты кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына барып ала алады. Ал оны рәсімдеуге небәрі 2-3 сағат кетеді. Жыл басынан бері Қазақстанда жұмыс істеуге 16 мың шетелдікке рұқсат берілген.
Досжан Маратұлы