Арменияда соңғы тәуліктің өзінде 1600-дей адамнан коронавирус табылып, мұндай науқастардың жалпы саны 80400-ден асты.
«Ассошиэйтид пресс» агенттігі ковидтің әскери жанжал жүріп жүріп жатқан Таулы Қарабаққа да тарап жатқанын хабарлайды.
Мұнда қауіпті инфекция жергілікті денсаулық сақтау министрі мен дәрігерлерден және өзге персоналдан анықталған. Бірақ сол дәрігерлер мен медбикелер ауырғандарына қарамастан, соғыстан жараланғандарға ота жасауға тартылып отыр.
Агенттіктің өзге бір мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар шабуылдар кезінде сау адамдармен бірге жертөлелерге жасырынған. Осыдан соң эпидемиялық ахуалды тіпті нашарлап кеткен.
Арыстан Рысбек