СҚО-да жол саласының мамандары жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да жол саласының мамандары жетіспейді

27.10.2020

Солтүстік Қазақстанда жол құрылысы саласының мамандары тапшы. Өңірдегі 70-ке тарта компанияның әрқайсысына 20-30-дан орта буын жұмысшы жетіспейді. Сондықтан тәжірибесіз қызметкерлерді жұмысқа алуға мәжбүр. «Бюджет қаржысының желге ұшуына бірден-бір себеп осы», - дейді мамандар. Енді бұл мәселені тиісті мекемелер өз күштерімен шешуді қолға алмақ.   

Жолдыбай Тентеков, Жол активтері ұлттық сапа орталығының облыстық филиалы директоры:
Келесі жылдан бастап ұлттық жол сапа орталығы 15-20 жасты оқытуды жоспарлап отыр. Негізінен аз қамтылған, оқу ақысын төлей алмайтын отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетеміз. Қазірдің өзінде зертханада маман жетіспегендіктен 3 студентті штаттан тыс жұмысқа алдық.

Сағындық Сәбитұлы

жол маман тапшы СҚО

Хабарламаларға жазылу