Кипрдің Айя-Напа курорттық қаласында болған атыс кезінде үш адам қаза тауып, тағы екеуі жараланған деп хабарлайды РИА Новости.
Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметі бойынша, атыс жергілікті қылмыстық топтар арасында болуы мүмкін. Мемлекеттік радио жергілікті кәсіпкерді қосқанда 4 адам мерт болды деп хабарлаған.
Полиция террористік акт деген болжамды жоққа шығарып отыр.