Мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері Үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына наразылық ретінде бүгін жұмысқа шықпады. Соның салдарынан, бірқатар балабақша, мектептерде сабақ болмады. Ауруханада тек жедел-жәрдем қызметі ғана жұмыс істеп тұр.
«Coca-cola, Volvo, Arcelor» компанияларының жұмысшылары да өндірісті тоқтатып, жұмыс уақытын аптасына 38-44 сағатқа ұзартуға қарсылық білдіруде.
Нұрсұлу ҚАСЫМ