Елордада республикалық әкелер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада республикалық әкелер форумы өтті

28.10.2020

«Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Бүгінгі күннің әкелері» атты V республикалық әкелер форумын өткізді. Бала тәрбиесіндегі әке рөлін дәріптеу, отбасы институтын нығайту және отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аударуды мақсат еткен форумда жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесі жарияланды. 

Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Биыл бірінші рет әкелер апталығын өткіздік. 70-тен астам мектеп қатысты, 600-ден астам әкелер онлайн қатысты. Нәтиже бар деп ауыз толтырып айта аламыз. 

Ақниет Балтанова

әкелер форумы Әкелер одағы

Хабарламаларға жазылу