Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттап кетті

29.10.2020
Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттап кетті

Алматыда кинотеатр иелері билет бағасын 30 пайызға көтеріп жіберген.

«Билеттер бағасының қымбаттауы әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30%-ға өсті. Егер бұрын кешкі сеанс 2400 болса, енді 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне ауыр соққы болды, ал әзірге аншлаг жасауға тыйым бар», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова отандық арналардың біріне берген сұхбатында.

Жалпы, шаһардағы кинотеатрларда барлық қауіпсіздік ережесі сақталған: кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшенеді, дезинфекциялық кілемшелер төселген. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкер қорғаныс құралдарымен жұмыс істейді.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап Алматыдағы кинотеатрлар өз қызметін қайта бастады. Алайда орындар 30 пайызға дейін ғана толу керек, маска тағу режимі, әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ infokazakhstan.kz порталында тіркелу керек.

Алматы кинотеатр билет

Хабарламаларға жазылу