Ақтөбеде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

29.10.2020

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының эпидемиологиялық жағдайымен танысты. Облыс орталығындағы дәрі зауыты вирусқа қарсы препараттар өндірісін қолға алды. Бұған дейін кәсіпорын мия тамыры шәрбатын және термопсис сығындысы секілді жөтелге қарсы препараттар шығарып келген. Өндіріс әлемдік стандарттарға сәйкес келетін құралдармен жабдықталған. Жауаптылардың айтуынша, өңірде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қосымша жаңа құрылғылар алынған.

Ерлан Сұлтангереев, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Қазіргі таңда100 кереуетік қор толығымен жабдықталған. 50 реанимациялық орын бар. Толығымен 100 пайыз дәрі-дәрмектермен қамтылған.

Жақсыбек Кемал

Ақтөбе дәрі-дәрмек коронавирус

Хабарламаларға жазылу