Енді қазақстандықтар өзінің жеке мәліметтерін банктердің базасынан жойдыра алады. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі осындай бастаманың қолға алынғанын жеткізді. Бағдат Мусиннің айтуынша, банктен несие алар кезде бәріміз жеке мәліметтерімізді өңдеуге рұқсат береміз. Бірақ осы берешекті төлеп болған соң да кез келген клиенттің мәліметі базада сақталып, тіпті кредиттік бюроларға тарап кетеді. Бұл заңсыз. Министр мәліметтерді жойдыруға болады дегенмен, оның қалай жүзеге асатыны әзірге айтылмай отыр.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:-Біз адамдарға өзінің жеке мәліметтерін жойдыруға мүмкіндік бергіміз келеді. Өйткені бір рет келісім бергеніңізбен бұл банктер сіз жайлы мағлұматты өмір бойы жинауға құқылы деген сөз емес қой. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.
Досжан Маратұлы