Енді мүлікті кепілге қою жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мүлікті кепілге қою жеңілдейді

29.10.2020

Елімізде мүлікті кепілге қою жеңілдей түспек. Қазір бұл қызмет бір аптаға дейін уақытты алады. Оның үстіне жүрісі көп. Енді оны электронды жүйеде автоматтандырып, бір-екі батырманы басу арқылы іске асыру көзделген. Осылайша мемлекеттік қызметтерді алуды барынша тез әрі ыңғайлы етеміз дейді жауаптылар. Оның үстіне электронды үкімет порталын биометриалық мәліметтермен интеграциялау көзделген.

Сөйтіп, жұрт жүйеге кірген сайын құпия сөз немесе электронды цифрлы қолтаңбаны енгізіп жүрмейді. Саусақ іздері немесе бет әлпетті тану арқылы кіріп, қажет қызметін ала береді.   

Досжан Маратұлы 


мүлікті кепілге қою электронды үкімет

Хабарламаларға жазылу