Кәсіпкерлерді қолдауға арналған бес жылдық бағдарлама әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған бес жылдық бағдарлама әзірленеді

30.10.2020

Елімізде өңірлердегі кәсіпкерлерді қолдауға арналған 5 жылдық бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Оның сөзінше, бұл жобаға Мемлекет басшысының өзі қолдау білдіріп отыр. Өйткені жоспар ойдағыдай іске асса, шағын және орта бизнес саласы жанданады. 

Ал бағдарлама аясында әр аймақтағы шаруаларға жергілікті бюджеттен қосымша қолдау жасау көзделген. Қазір бағдарламаның барлық тетігі дайын, құжат жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.

Амангелді Сейітхан

кәсіпкер Атамекен бағдарлама

Хабарламаларға жазылу