Еліміздегі мектеп кітапханаларының кітап қоры жаңа 5 мыңға жуық көркем әдебиетпен толықтырылады. Сонымен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындары «Педагог-кітапханашы» мамандарын даярлауға кіріседі. Бұл жұмыстар Президент Жолдауына сай мектеп кітапханаларын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны жақсартып, жұмыстарды цифрландыруға басымдық беріледі. Мектеп кітапханашыларының еңбекақысын көтеру тетіктері де қарастырылады.
Ғани Бейсембаев, «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры:
-Бұл – мектеп кітапханашыларын жалпы аттестациядан өткізу. Оларды арнайы курстардан, оқытулардан өткізумен қатар, жоғары оқу орындарында, педагогикалық ЖОО-да оқытылатын кітапханашы мамандығын, педагог-кітапханашы деген мамандыққа алмастыру.
Дарын Сағитов