6 пайызбен несие алатын кәсіпкерлер қатары кеңеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 пайызбен несие алатын кәсіпкерлер қатары кеңеюі мүмкін

30.10.2020

Елімізде 6 пайызбен жеңілдетілген несие алатын кәсіпкерлер қатары кеңеюі мүмкін. Мұндай ұсынысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Себебі карантин кезінде елде 1 миллионнан астам кәсіпкер зардап шеккен. Бұл бизнес саласындағы азаматтардың 70 пайыздан астамы. Ал, Ұлттық экономика министрлігі пандемияда шығынға батқан 29 саланы анықтаған. Алайда кәсіпкерлер палатасы бұл тізім одан да көп деп есептейді. Мысалы, банкет залдары мен бильярд, боулинг ойнайтын орындар әлі күнге локдауннан шықпаған. Яғни, 130 мыңнан астам адам әлі табыссыз жүр. Ал, сол кәсіптің иелері салық және несие мерзімін кейінге шегеруді, коммуналдық төлем мен жалға алу ақысын өтеу уақытын ұзартуды сұрап отыр. Сондықтан, бизнесті құтқару үшін кәсіпкерлердің жұмысын шектей бермеу керек.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
-Карантин кезінде жұмыс істеген 7-8 айда көп нәрсені байқадық. Соның бірі - бизнес нысандарын жаппай локдаунға жабуға болмайды. Өйткені, салдары ауыр екенін көріп отырмыз. Сондықтан, қазір локдаун қайталанбас үшін бәрін жасап жатырмыз. Кәсіпкерлерді жан-жақтан қысып тастағандықтан, соңғы уақытта заң бұзушылықтар да көбейді. 


6 пайыз несие кәсіпкер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Абылай Мырзахметов

Хабарламаларға жазылу