Солтүстік Қазақстан облысы індеттің таралу көрсеткішіне байланысты қауіпті аймақ санатына кірді. Осы өңірдегі Мамлют санаторлық мектеп интернатының 2004 және 2014 жылы туған 2 оқушысы коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұл білім ошағында туберкулез ауруына шалдыққан балалар оқиды. Қазіргі күні Мамлютка қаласының өзі карантинге жабық. Дерт оқушыларды респираторлық және энтеровирустық инфекцияға шалдықты деген күдікпен жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылғанда анықталды.
Қазіргі күні олармен қатынаста болған 17 адам анықталды. Науқастардың да, олармен байланыста болған адамдардың да жағдайы тұрақты.
Сағындық Сәбитұлы