Таулы Қарабақтағы 200-ге жуық елді мекен Бакудың бақылауына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабақтағы 200-ге жуық елді мекен Бакудың бақылауына өтті

02.11.2020

Әзірбайжан Таулы Қарабақта 200-дей елді мекенді өз бақылауына алған. Мұны президент Ильхам Әлиев мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлымен өткен кездесуде Арменияның Ресейден көмек сұрауын соғыста жеңілгенімен келісу деп атап өтті. 

«Дегенмен премьер-министр Никол Пашинян толық берілгісі келмей отыр», - дейді Әлиев. 

Айта кетсек, бұған дейін Таулы Қарабақ басшылығы Әзірбайжан армиясының стратегиялық Шуша қаласына жақындап, даулы аймақты басып алу қаупін төндіргенін хабарлаған еді.

Арыстан Рысбек

Әзірбайжан Таулы Қарабақ Армения

Хабарламаларға жазылу