Қарағандыдағы үш санитарлық бекетте бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы үш санитарлық бекетте бақылау күшейеді

02.11.2020

Қарағанды облысының шекаралық аумақтарындағы 3 санитарлық бекетінде бақылау күшейтіледі. Жаңа тәртіп 4 қарашадан бастап енгізіледі. 

Руслан Нұрланұлы, тілші:
Ел бойынша қауіпті індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты өңірдің өзге облыстармен шектесетін 8 аумағына қойылған бекеттердің 3-де бақылау күшейтіледі. Олар Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарымен арадағы автожолдарда орналасқан. Бұрын бұл санитарлық бекеттерде жолаушылардың тек дене қызулары өлшеніп, сауалнама жүргізілетін. Енді жолаушылар арнайы сайтқа тіркелуі керек.
Расул Қасенхан, Жедел әрекет ету орталығының өкілі:
Ол бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына алдын ала тіркелу керек. Ол тіркелген сәтте әр азамат өзінің өту мақсатын түсіндіру керек болады. Яғни, жұмыс барысын ғана. Ал той, демалыс , кездесу болатын болса, ол жаққа өткізілмейді. 
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Санитарлық бекеттерде полицейлер, медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Арнайы қызметтерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдары өкілдеріне, жүк көліктеріне, транзиттік көліктерге өтуге рұқсат етілген. 
Сондай-ақ, мекенжайы облыс аумағында тіркелген адамдарға, шұғыл ем қажет тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Ал вахталық жұмысшылар мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына күнделікті қатынайтын азаматтар өз деректерін сайтта қалдыруы тиіс. 
қарағанды санитарлық бекет карантин коронавирус

Хабарламаларға жазылу