Эстрада жұлдыздары карантин талаптарын сақтауға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстрада жұлдыздары карантин талаптарын сақтауға шақырады

02.11.2020

Карантин талаптары сақталмағандықтан, ел ішінде қазір жұқпалы індет қайта өршіп барады. «Сондықтан сақтық шараларын мұқият қадағалаған жөн», - дейді қоғам белсенділері.

Жұбаныш Жексен, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
2020 жыл қиындыққа, сынаққа толы жыл болды. COVID-19 әрі қарай тарамауы, оның тоқтатылуы өз қолымызда. Халық көп жиналған жерден аулақ болып, әрқашан бетперде тағып жүруді ұмытпаңыздар. Барлық қиындықты бірге жеңіп шығамыз.

Бейбіт Күшқалиев, әнші:
COVID-19 вирусынан аман сау болу үшін адам көп жиналған жерлерден өздеріңізді абай, сақ ұстаңыздар. Және маска киюді ұмытпаңыздар.  

Мадина Жолдас

карантин коронавирус сақтық шаралары

Хабарламаларға жазылу