Нұр-Сұлтан-Көкшетау автобанындағы айналма көпірдің бірі 21,5 млн теңгеге жөнделді. 70 метр ұзындығы бар өтпежол 12 жыл бұрын салынған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлағандай, жөндеудің ақысы «ҚазАвтоЖол» ақылы жолдар дирекциясының есебінен шыққан.
Айта кетейік, биыл 14 қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75 шақырымындағы көпір жөндеуге жабылған. Себебі, көпірге түскен салмақ тең болмай, жік тіреуіш ажырап кеткен.
Қазір «Нұр-Сұлтан-Шортанды» жолындағы көпірмен жүруге болады.