Алматы маңындағы демалыс орнында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңындағы демалыс орнында атыс болды

02.11.2020

Алматы маңындағы демалыс орындарының бірінде атыс болды. Оқиға салдарынан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері жарақат алған. Өткен сенбіде маска таққан белгісіз 15-20 шақты адам мен кәсіпкер арасында жанжал туындап, артынша бірнеше мәрте оқ атылған. Қазір жарақат алғандар қалалық ауруханада емделіп жатыр. Оларға дәрігерлер оң және сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты, сол жақ асықты жілігінің сынығы деген диагноз қойды.

Анарбек Монғол, Қалалық №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа, тұрақты. Науқастардың өміріне төнер қауіп жоқ. Ем шарасын жүргізіп жатыр.

Қуан Нұрақын

Алматы атыс

Хабарламаларға жазылу