Хакерлер криптовалютада 13,6 млрд доллар ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хакерлер криптовалютада 13,6 млрд доллар ұрлаған

02.11.2020

Қазір ақша қалтадан гөрі электронды әмияннан көбірек қолды болады. Мәселен, хакерлер криптовалютада 13,6 млрд доллар ұрлаған. Виртуалды қылмыскерлер осы уақытқа дейін 300-ден аса қарақшылық жасап, цифрлық активтер сақтайтын әмиянға қол сұққан. Хакерлер EOS блокчейн-платформасына көбірек шабуыл жасайды. Бүгінге дейін бұл электронды алаңнан 28 млн доллар ұрланды. Қылмыскерлер әсіресе криптобиржа мен криптоәмиянға құнығып алған.

Тағы бір ақпар. Jýsan Bank АТФ-тың акцияларын сатып алатын болды. Тараптар қарашада сатуға қатысты шарт жасасуға ниетті. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мақұлдағаннан соң, екі банк бірігіп жұмыс істейді. Ал АТФ-тің барлық сервисі жұмысын әдеттегідей жалғастырады.

Ақерке Бектас 


Хакер криптовалюта ұрлық электронды әмиян

Хабарламаларға жазылу