Ақмола облысында шектеу күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында шектеу күшейеді

03.11.2020
Ақмола облысында шектеу күшейеді

Ақмола облысының тұрғындары арасында соңғы аптада коронавирус жұқтыру бойынша 179 жағдайы тіркелген. Ал Көкшетау қаласында ковид ауруының өсімі 3,5 есе ұлғайған. Осыған байланысты облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес Ақмола облысының аумағында шектеу іс-шаралары жүргізіледі. Тұрғындар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска киюі міндетті. 

Саябақ, алаң, скверлер мен өзге де демалыс орындарында топта 3 адамнан артық емес немесе бір топ отбасы мүшелеріне ғана баруға рұқсат етілмек.

Ал, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Сондай-ақ азық-түлік дүкендерінің жұмыс тәртібі 09.00-ден 20.00-ге дейін қысқарса, сауда, ойын-сауық орталықтары 10.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал, қоғамдық көліктер 20.00-ге дейін жүріп, демалыс және мереке күндері қызмет етпейді.  Мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс уақыты шектеледі. 

Аталған шектеу шаралары облыс аумағында 7 қараша күні 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Ақмола облысы ектеу шаралары карантин

Хабарламаларға жазылу