«5-10-20» бойынша үй іздеуге берілетін уақыт 6 айға ұзартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«5-10-20» бойынша үй іздеуге берілетін уақыт 6 айға ұзартылуы мүмкін

03.11.2020

 «5-10-20» бағдарламасы бойынша үй іздеуге берілетін уақыт 2 айдан 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Өйткені, банктің рұқсатын алса да сол қаржыға пәтер таппайтындар көп. Себебі, бағдарлама талабы бойынша баспананы жаңа үйден алу керек. Ал, жаңа үй қымбат, әрі аз. Сол себепті, көпшілік екінші нарықтан үй алуға рұқсат сұраған. Бірақ, ол талапты орындау қиын, -дейді мамандар. Өйткені, бағдарламаға бөлінген қаржының бір бөлігі кредиттік үйлерді салу үшін әкімдіктерге берілген. Олардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал, несие рәсімдеуге рұқсаты бар адамдардың сол үйлерді күтуіне тура келеді. Себебі, бұл бағдарлама еліміздің жаңа тұрғын үй қорын құруға бағытталған.  

Бәрі жоспарға сай орындалса, «Шаңырақ» арқылы 17 мың адамды қамту көзделіп отыр. Одан бөлек, «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық пәтер беріледі. Жалпы, биыл мемлекеттің қолдауы арқылы 40 мың отбасыны баспанамен қамту көзделген.

Амангелді Сейітхан  


«5-10-20» үй бағдарлама

Хабарламаларға жазылу