Jýsan банкінде салымшылардың 840 млрд теңгесі жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Jýsan банкінде салымшылардың 840 млрд теңгесі жатыр

03.11.2020

Jýsan мен АТФ банктің бірігуі банк секторының қаржылық тұрақтылығын сақтап, бәсекелестікті арттырады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі тараптардың келісіміне осындай баға берді. Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, биыл активтер сапасына тәуелсіз бағалау жүргізген. Мамандардың айтуынша, екі банктың бірігуі туралы шешім осы бағалаудың нәтижесінде шығып отыр. Jýsan банкінде жалпы салымшылардың 840 млрд теңгесі жатыр. Ал АТФ банкінде жеке және заңды тұлғалардың 870 млрд теңге қаражаты бар. Агенттік дерегінше, Қазақстанда жалпы 26 банк бар.    

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл тәуелсіз бағалау жүргізді. Нәтижесінде қаржы институттарына бизнес модельді жетілдіріп, кейбір кемшіліктерді жою тапсырылған. Осы бағалаудың нәтижесінде Jýsan банк пен АТФ банк ортақ келісімге келді.

Ақерке Бектас


Jýsan банк салымшы АТФ банк

Хабарламаларға жазылу