Қазақстанда тағы бір қалаға блок-бекет қойылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тағы бір қалаға блок-бекет қойылатын болды

04.11.2020
Қазақстанда тағы бір қалаға блок-бекет қойылатын болды

Ақмола облысында  мешіттер мен театрлар жұмысын тоқтата тұрады. 

COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. 

Ведомствоаралық комиссия төрағасы облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында  9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, 

-Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-посттар орнатуды;  
-күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-посттар орнатуды;  
-Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартуды;  
-Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;  
-жолаушылар темір жол құрамдарының облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);  
-діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды тапсырды. 

Сондай-ақ, ВАК шешіміне сәйкес, облыстағы мекеме қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы керек. Жалпы, жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары жаңа модульдік инфекциялық ауруханының және «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» аясында іске асырылған басқа да объектілердің жұмысымен танысты. 

коронавирус Көкшетау блок-бекет

Хабарламаларға жазылу