Қазақстандағы кәсіпорындарға 36 мыңнан аса маман жетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы кәсіпорындарға 36 мыңнан аса маман жетпейді

04.11.2020

Экономикалық ахуалға байланысты елдегі бірқатар сала кадрлық қысқарту жүргізіп жатқанда, енді бір салада маман тапшы. Статистика бюросының экономикалық қызметке жүргізген сараптамасына сәйкес, кәсіпорындарға 36 мыңнан аса маман жетпейді. Мәселен өнеркәсіпке 9000-ға жуық, транспортқа 6 мыңнан аса жұмысшы қажет. Қаржыландыру мен сақтандыру саласына мыңға жуық маман жетпейді. Бөлшек саудада 3 мыңнан аса кадр тапшы. Ал денсаулық сақтау саласы 2,5 мыңнан аса білікті адам іздейді.  

Ақерке Бектас 


Қазақстан кәсіпорын маман

Хабарламаларға жазылу