COVID-19 қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы Қарағанды облысында тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы Қарағанды облысында тіркелді

04.11.2020

Коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы дерегі Батыс Қазақстанда емес, Қарағанды облысында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Яғни, Оралдағы жағдай расталмаған. Комиссия науқастың алғаш ауырған кездегі жағдайын зерттеп, осындай шешімге келді. Айта кетейік, бұған дейін вирусты екінші рет жұқтыру батыста тіркелді деген ақпар тараған. Дегенмен, қайта ауыру фактілері өсуі мүмкін. Өйткені, көпшілікте антидененің әрекет ету мерзімі аяқталып келеді. Сондықтан мамандар халықты барынша сақ болуға шақырды. Ал COVID-19 жұқтырған 340 бала бақылауда. Кавасаки синдромымен 42 бала ауырып, екеуі көз жұмды.   

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:  
- Ауру ушыққан жаз айларынан кейін 1,5 айдан кейін бұл ауру балалар арасында анықтала бастады. 2 аптадай болды балалар арасында бұл ауру тіркеліп жатқан жоқ. Стационарлардан емделіп шықты.   

Соңғы 3 аптада оқушылар арасында ковид жұқтырғандар саны 3 есеге өскен. Қазір 519 баладан вирус анықталды. Олардың жартысынан көбі үйде оқып жатқандар. Халықта әлі де бейғамдық басым. Шығыс Қазақстанда эпидемиологиялық талаптарды бұзу көрсеткіші 18 пайызға артқан. Бұл тізімде Қостанай, Алматы, Түркістан облыстары да бар.      

Асима Нұрбайқызы  


COVID-19 Қарағанды облысы

Хабарламаларға жазылу