Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Қазақстан армиясының материалдық-техникалық базасын жетілдіру перспективалары және әскерді заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері сөз болды. Әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жайы да пысықталды.
Асима Нұрбайқызы