Австрия астанасы Венада болған терактіге қатысы бар деген күдікпен 14 адам тұтқындалды. Арасында Ресей азаматтары да бар.
Дегенмен, полицияның хабарлауынша, лаңкестік әрекетті бір ғана адам жасаған. 20 жастағы күдікті - Австрия мен Солтүстік Македония азаматы. Бұған дейін Сириядағы ДАИШ ұйымына қосылмақ болғаны үшін сотталып, өткен жылы желтоқсанда бостандыққа шыққан. Терактіге дейін күдіктінің Словакияда қару-жарақ сатып алмақ болғаны анықталды. Еске салайық, қарашаның 2-де Венаның алты ауданында ер адам оқ атып, 4 кісі мерт болды. Тағы он шақтысы жараланған. Қылмыскердің өзі арнайы операция барысында полиция қолынан қаза тапты.
Жансая Қапасқызы