14 мыңдай түлектің білім алуына мүмкіндік берген «Болашақ» бағдарламасына 27 жыл. 1993 жылдан бері шетелде оқып келген 11 мыңға тарта жас маман түрлі салаларда жұмысқа орналасты. Қазір 3 мың қазақстандық білім алып жатыр. Айта кетейік, бағдарламаға құжат қабылдау онлайн түрде, яғни электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, дарынды балалар мен олимпиада жеңімпаздарына жоғары білім беретін бакалавриатты қайта ашу жоспарланып отыр.
Мирас Дәуленов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:-Әлемдегі ең үздік оқу орындарына оқуға мүмкіндік береді. Бұрын тізімде 540 білім беру орындары болса, қазір оларды 20-ға дейін қысқарттық. Түлектер әдетте елге келген соң жарты жыл ішінде жұмысқа орналасады.
Мадина Жолдас