Жәрдемақы бүкіл балаға берілуі керек - «Ауыл» партиясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәрдемақы бүкіл балаға берілуі керек - «Ауыл» партиясы

06.11.2020

Елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың барлығына, отбасы жағдайына қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалуы тиіс. «Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері осындай ұсыныс айтты. Сонымен қатар олар, отбасындағы бала санына қарай ипотекалық несиенің пайыздық үстемақысын төмендетуді және мүгедек бала асырып отырған аналарға жалақы төлеу қажеттігін айтты. 

Алдаберген Қонарбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының үйлестірушісі:
Әлеуметтік көмекті балалардың бәріне тең дәрежеде тағайындау қажет. Ұсыныстарымызды партияның жоғары аппаратына, Парламент қабырғасында талқылауға ұсынып отырмыз.

Аягөз Оралбайқызы

жәрдемақы балаға берілетін жәрдемақы ауыл партиясы

Хабарламаларға жазылу