Антидене сақталғанымен, коронавирустың басқа түрі жұғуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антидене сақталғанымен, коронавирустың басқа түрі жұғуы мүмкін

06.11.2020

Коронавируспен қайта ауырудың екі себебі бар. Алғашқысы ағзада бес айдай сақталатын антидененің күші жойылуы мүмкін. Екіншісі мутацияға ұшыраған вирустың басқа түрін жұқтыру ықтималдығы басым. Тәжірибелі инфекционист Сәуле Атығаева осылай деп мәлімдеді. Отандық дәрігердің пікіріне шетелдегі жағдай дәлел. Данияда 214 науқастан мутацияға ұшыраған ковид анықталды. Деректерге сәйкес вирус қаракүзендерден адамға жұққан. Еуропаның бірнеше елінде қайта жұқтыру фактілері тіркелді. Жалпы, вирусқа екінші рет шалдығу - қауіпті, індет науқаста ауыр формада өтуі мүмкін, - дейді мамандар   

Сәуле Атығаева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционист-дәрігері:  
-Біздің елде алғашқы жағдай тіркелді. Не себепті қайта жұқтырды деген сауал алаңдататын анық. Біздің болжамымымзға сәйкес, алғашқы жұқтырған уақыт пен бүгінге дейін 4 ай өткен. Яғни антидененің күші әлсіреуі мүмкін. Екінші себебі, коронавирустың басқа түрін жұқтыруы мүмкін. Бұл жаңа болғандықтан біздің елде вирустың қанша түрі таралғанын дөп басып айту қиын.  

Мамандар ағзада Д дәрумені мен темір жетіспесе, яғни гемоглабин төмен болса, адамның індеттің ілмегіне ілігу қаупі жоғары екенін айтады. Сондықтан жіті тексеріліп, дәруменді терапия алудың маңызы зор. Тағы бір ескеретін жайт, коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі қосалқы ауруын кешенді емдемеген науқастар. Сондықтан селқостық танытпаған жөн.

Құралай Мырамытова, инфекционист-дәрігер:  
-Антиденелер осы ауруға қарсы 5 ай сақталуы мүмкін. Бірақ оған қарамастан ауырған, ауырмаған адам болсын қазіргі жағдайға байланысты санитарлық эпидемиологиялық жағдайларды қолданып жүру керек. Маска киіп, антисептик қолданып, қоғамдық орындарға көп бармау.   

Раушан Сайлауқызы  


Антидене коронавирус

Хабарламаларға жазылу