Жекешелендіру аясында 100 млрд теңгеге 7 нысан сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендіру аясында 100 млрд теңгеге 7 нысан сатылған

10.11.2020
Жекешелендіру аясында 100 млрд теңгеге 7 нысан  сатылған

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары 93%-ға орындалған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.  

Негізі, Жамаубаевтың айтуынша, биыл 74 нысанды сату жоспарланған. Оның 39-ы сатылымға шықты. Әзірге, 100,4 млрд теңгеге жетеуі сатылған.

«Сауда-саттықта 32 нысан тұр. 6 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.16 объект жыл соңына дейін сатуға қойылады. 13 жобаны сатылымға шығару мерзімі 2021-2024 жылдарға ауысты», - деп хабарлады Ерұлан Жамаубаев.


Үкімет Жекешелендіру Жамаубаев

Хабарламаларға жазылу