Жыл басынан бері ЖІӨ 3%-ке азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері ЖІӨ 3%-ке азайған

10.11.2020

Елімізде жыл басынан бері жалпы ішкі өнім мен қызмет көрсету саласының көрсеткіштері едәуір төмендеген. Бұл туралы Үкіметтегі 10 айдың экономикалық көрсеткіштері қаралған жиында айтылды. Жалпы ішкі өнім 3 пайызға азайып, жылдық инфляция 7,1 пайызды құрап отыр. Ал сыртқы сауда айналымы 62 млрд доллар. Оның 35 млрд-ы экспорт, 27 млрд-ы импорт.  

Бұдан бөлек, республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Қаржы министрі қазынаға 6 трлн 800 млрд кіріс кіргенін айтты. Кәсіпкерлер кейбір салық түрінен босатылғандықтан, 820 млрд теңгедей табыс түспей қалған. Қазына қаржысының игерілуі көңіл көншітепейді. Министрліктер 32, ал әкімдіктер 24 миллиард теңгені ұқсата алмай отыр. Десе де кей салаларда өсім байқалады. Премьер-Министр көрсеткіштерді жақсартуға тапсырма берді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:   
-Тамақ өнеркәсібінде 3,4; фармацевтикада 39,7; дайын металдар өндірісінде 19,5; ауыл шаруашылығында 5,2% орнықты өсім қамтамасыз етілді. Өңірлер жоспарланған әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.   

Досжан Маратұлы 


ЖІӨ Үкімет экономика

Хабарламаларға жазылу