«Astana Media Week - 2020» апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Media Week - 2020» апталығы басталды

11.11.2020

Пандемия басталғалы теледидар көрушілердің саны артты. Әсіресе, жастардың дені жаңалық қарауға көшкен. Алайда, коронавирус өршіген кезде бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілердің аздығынан шығынға батқан. Елде бірнеше баспа жабылуға мәжбүр болды. Мұндай мәселелер бүгін басталған Астана медиа апталығында талқыланды. Бұл ретте, мамандар жаңа медиа үлкен өзгеріске ұшырап, заманның қажеттілігіне сай ақпарат таратуға көшу қажет,- дейді. Медиа-апталық 4 жыл қатарынан әлемнің әр елінен жетекші сарапшылардың басын қосып келеді. Биыл оған 10 мемлекеттен 60-тан астам сарапшы, топ менеджерлер мен журналист-ғалымдар қатысып жатыр. Осы жолы ұйымдастырушылардың назары медиа-саланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құру мәселесіне ауып отыр. Яғни, медиа-контентті тұтынудағы жаһандық трендтер, пандемия және жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы сөз болды. Дәстүрлі шара 13 қарашаға дейін жалғасады.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Ақпарат тасқыны көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан уақыт. Интернет арқылы әр түрлі ресми емес ақпараттарды халық арасынан жылдам тарату кеңінен белең алды. Соның нәтижесінде дәстүрлі БАҚ-қа деген қызығушылық төмендеді. Қазір жекелеген адамдардың пікірі ресми жаңалықтардан бірінші оқылатын болды. Бір сөзбен айтқанда қоғамның талғамы өзгерді. Бұл бізден әрқашанда бәсекеге қабілеттілікті талап етеді. 

Фариза Мұсақызы


Astana Media Week Медиа Аида Балаева журналистика

Хабарламаларға жазылу