Алматыда коронавирустың болуы ықтимал екінші толқынына дайындық барысында 5 мың 500 маманнан резерв жасақталды. Басым бөлігі - медициналық қызметкерлер. Бүгінде мегаполистегі қоғамдық денсаулық саласында 38 мыңнан астам маман жұмыс істеп жатыр.
Жазира Оразқызы, тілші:-Алматыда пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық шаралары әлі жалғасып жатыр. Медицина мамандарымен қатар COVID-19 вирусына қарсы күреске енді медициналық ЖОО-ның оқытушылары, резиденттер мен дәрігер интерндерден құралған 450 адам көмектесеміз деп отыр. Шаһардағы эпидахуалды ескеріп, медициналық мекемелерді уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалардың материалдық- техникалық жабдықталуы, инфекциялық төсек-орындарды ұлғайту мәселесі де күн тәртібінде.Сондай-ақ карантинге қарамастан, дәрігерлер мен өзге медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру назардан тыс қалған жоқ. Биылдың өзінде нақты коронавирустық инфекция тақырыбы бойынша 3 мыңнан астам маман оқытылған.
Жазира Оразқызы