Елімізде «Байлық салығын» енгізу мәселесі қайта көтеріліп жатыр. Сенат депутаттары бұл салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады дейді. Айтуларынша қымбат джиптер, элиталы пәтерлер мен зәулім сарайларға салынатын салық артуы тиіс.
Яғни мүлік қымбат болған сайын, салық арта береді. Негізі «Байлық салығын» енгізу мәселе бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген. Бірақ үнемі ұсыныс күйінде қалып келді. Енді Экономика министрі бұл мәселе қазір талқыланып жатыр дейді. Сондай-ақ салық бойынша қарызы барлардың аты-жөнін ашық жариялауға тыйым салу ұсынылып отыр. Ал қазіргі заң бойынша 27 мың теңгеден астам берешегі бар борышкерлердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға болады.
Досжан Маратұлы