БЖЗҚ-дан шетелдік компанияларға берілген қаржы 1,4 млрд доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БЖЗҚ-дан шетелдік компанияларға берілген қаржы 1,4 млрд доллардан асты

12.11.2020

Бірыңғай зейнетақы қорынан шетелдік компаниялардың басқаруына берілген қаржы көлемі 1 миллиард 400 миллион долларға жетті. Бұл қордағы ақшаның шамамен 5 пайызы. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша ақша үшін алаңдауға негіз жоқ. Керісінше бұл қаржыны арттыру үшін жасалып отыр. Қазақстандықтар қарттығыма деп жинаған ақшаның бір бөлігін қазір алпауыт төрт компания басқарып отыр. Әрқайсындағы қаржы көлемі шамамен 25 пайызға артып, инвестициялық табыс 85 миллиард теңгеге жеткен.  

Досжан Маратұлы


БЖЗҚ Бірыңғай зейнетақы қоры

Хабарламаларға жазылу