Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан ақпаратқа қол жетімділікті реттейтін уәкілетті орган құрылуы мүмкін. Бұл туралы сала министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен «Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі комиссияның» отырысында айтылды. Жиында журналистер мемлекеттік органдардан ақпарат алудың қиын екенін айтты. Ол коронавирус кезінде анық байқалған. Одан бөлек, бюджет қаражатына байланысты барлық ақпараттың ашық болуын сұрады. Сондай-ақ, мәслихаттардың отырысына кейде тілшілер кіргізілмейтіні көтерілді. Міне, осы мәселелерді реттеу үшін заңға тиісті өзгерістер ұсынылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды ағымдағы парламенттік сессиялар аяқталғанға дейін қабылдауды тапсырған.
Амангелді Сейітхан