ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО)

25.07.2016
ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО)

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Отырар ауданындағы күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін өңір басшысы мен ОҚО ТЖД бастығы А.Путейко ауданда болып, кеше түнде қатты желдің салдарынан зақымданған нысандардың жағдайымен танысты.

Оқиға орнында жүрген арнайы жұмыс тобы мұнда тұрғын үйлер мен 4 мектептің, 1 балабақшаның, сонымен қатар, Маяқұм ауылындағы №30 жекелеген өрт сөндіру бекетінің шатырлары ұшып, ғимараттарға айтарлықтай зиян келгенін анықтады. Ал, Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданындағы бір-бір нысанға қатты зиян келгені белгілі болды. 

Табиғаттың тосын мінезінен болған оқыс оқиғаның салдарына куә болған аймақ басшысы жауапты сала мамандарына жеке тұрғын үйлердің шығындарын тіркеуге алып, істі бақылауға алу арқылы жергілікті халыққа барынша жағдай жасау керектігін тапсырды. 

Еске салайық, кеше, 14 маусым күні сағат 22:30-23:25 аралығында ОҚО аумағында жылдамдығы 25-30 метр болатын күшті жел Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып, ағаш және электр бағаналарына зиян келтірген болатын. 

Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ. Аталған жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.

«Қазгидромет» орталығы мамандарының болжамынша, мұндай ауа райы өңірде әлі екі күнге созылады. 

ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО)

ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО)

ОҚО әкімі күшті желдің салдарынан зардап шеккен нысандардың жағдайымен танысты (ФОТО)

Хабарламаларға жазылу