Қазақстанда банктерге жасалатын ең қауіпті кибершабуылдың саны өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда банктерге жасалатын ең қауіпті кибершабуылдың саны өскен

16.11.2020
Қазақстанда банктерге жасалатын ең қауіпті кибершабуылдың саны өскен

Сарапшылар бұл құбылысты коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр. 

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер кибершабуылдың ең қауіпті түрі - фишинг шабуылдың көбейгенін хабарлайды. 

«Төлем карталар нарығы қатты дамып, карта арқылы жасалатын төлем түрлері артқан соң, осы саладағы қауіпті шабуыл түрі фишинг соңғы екі жылда қатты көбейген. 2020 жылдың  он айында Қазақстанда 1090 фишинг шабуыл тіркелген. Былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіш  832 фишинг шабуыл болатын»,-деп жазады сарапшылар. 

Бұдан өзге, екінші деңгейлі банктер басқа кибершабуылдардың да көбейген хабарлап отыр. Мәселен, былтыр 50 кибершабуыл тіркелсе, биыл он айда банктердің құпиясын ұрлауға тырысқан 134 оқиға тіркелді. 

Банк Шабуыл Ақша

Хабарламаларға жазылу