Bank RBK ісі: Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Bank RBK ісі: Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

16.11.2020

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Сот шешімімен істің бас фигуранты - экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды. Мемлекеттік айыптау Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген. Естеріңізге сала кетейік, қомақты қаржы жымқыру ісіне қатысты сот былтыр басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Экс-банкирдің өзі 2018 жылдың қарашасында Мәскеу қаласында ұсталып, уақытша қамауға алынған еді.  

Қуан Нұрақын


Bank RBK Жомарт Ертаев

Хабарламаларға жазылу