Пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 1 423 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Оның ішінде 8-і қайтыс болған. Қауіпті вирусты жұқтырған 631 адамға өңірлік комиссия шешімімен бір жолғы әлеуметтік үстемеақы берілді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір аймақтағы стационарларда 500-ден астам дәрігер мен 1,5 мыңға жуық орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінде төсек-орын көбейтілген соң 150-ге тарта дәрігер мен 200-ден астам медбике қосымша жұмысқа алынған.
Берік Көшербай